Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған көптеген іс-шараларды ұйымдастырып келеді.
Студенттер - еліміздің болашағы. Сондықтан да институт өзінің басты міндеті бәсекеге қабілетті және шығармашыл жастарды тәрбиелеу деп біледі. Осы міндетті орындау үшін институтта тақырыптары ауқымды семинарлар мен тренингтер, кездесулер бастау алды.
Ал бүгін «Жастар ортасында өзін-өзі жетілдіру» атты алғашқы оқыту семинары өтті, оның спикері - Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының» лауреаты, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Манасбаев. Серік Шотбайұлы студенттерге идеяларды мен жобаларын іске асырудың мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтып берді.