П.И.Чужинов атындағы экономика және құқық институты кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде онлайн кездесулер өткізуді жалғастыра отырып, аудиторияны кеңейтті.
9, 10, 11 наурыз күндері Түркістан облысы, Отырар ауданының жоғары сынып оқушыларымен онлайн-кездесу өтті. Жамбыл орта мектеп-лицейінің, Ш.Қалдаяқов атындағы гимназия мектебінің, О.Жәнібеков атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп-интернаты, Көкмардан орта мектебі, Ә.Дәрібаев атындағы орта мектеп, Теміров орта мектебі, Абай атындағы орта мектеп, С.Әлиев атындағы орта мектеп түлектері Қостанай өңірлік университеті ұсынатын мамандықтармен танысты. Кездесудің модераторлары: философия кафедрасының меңгерушісі Оралбай Қабыл және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров.
Оқушыларға институтта жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, сонымен қатар институттың ғылыми әлеуеті, Еуропа мен ТМД елдерінің академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары зертханалармен және мамандандырылған кабинеттермен таныстырылды, онда студенттер теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды игереді.
Дәстүр бойынша талапкерлер институттың «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Психология», «Журналистика» білім беру бағдарламаларымен толығырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.