object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 23:17:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Не? Қайда? Қашан?

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты Достық үйімен бірлесіп, студенттердің ой-өрісін кеңейту мақсатында интеллектуалды ойын өткізді.

Ойынға институттың бес командасы мен Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының командасы қатысты.

Қазылар алқасының құрамында Экономика және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Спарта» зияткерлік клубының төрағасы болды. Ойынның ұйымдастырушысы – Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Шалғымбеков. Ойынды жүргізген 1 курс студенті, Қостанай телеарнасының теле-жүргізушісі Диас Наспаев.

Ойын «Не? Қайда? Қашан?» бағдарламасының форматында өтті, қатысушылар жиырма бір сұраққа жауап берді. Әр командаға бланкілер берілді, онда капитандар жауаптарын жазды. Ол жауаптар кестеге енгізіліп, санақ жүргізілді.

Сұрақтардың негізгі тақырыбы - этномәдениет. Ойын барысында студенттер көптеген жаңа және пайдалы ақпараттар алды және барлық қатысушылар өздерін басқа қырынан көрсете білді.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша, бірінші орынды «Виктория» командасы (тарихшылар), екінші орынды «Lex» командасы (заңгерлер), үшінші орынды «Google-аудармашылар» (аударма ісі) командасы жеңіп алды.

«Google-аудармашылар» командасының капитаны Рагиф Зейналов үздік ойыншы атанды.

Іс-шара қызықты өтті. Ойын соңында жеңімпаздар мен ұйымдастырушыларға, қонақтарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Қабылдау комиссиясы