object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 06:11:03.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?

Ғарышкерлер күні қарсаңында SMART-орталығында «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» интеллектуалдық ойыны өтті. Өздеріңіз білетіндей, 60 жыл бұрын, 1961 жылы 12 сәуірде алғаш рет ғарышқа адам ұшты.

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің «Спарта» зияткерлік клубы ақыл-ойды кеңейтетін осы сынды турнирлерді жиі өткізіп тұрады.

Ойынға 5 команда қатысты: Экономика және құқық институтының, аграрлық, инженерлік-техникалық, педагогикалық институттардың және Жоғарғы студенттер кеңесінің командасы.

Тартысты сайыста П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Space X» командасы 1-орынды жеңіп алды. Қалған командалардың барлығы бірдей ұпай жинады. Жеңімпаздар дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы