А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы кафедрасының оқытушылары Айғаным Біржанова мен Нұрсәуле Әмірбекова әдістемелік инновациялар айлығы аясында «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынын өткізді.
Модераторлар командаларға ойын ережесін түсіндірді, оларға өздерін, эмблемаларын таныстыруға, ұрандарын айтуға мүмкіндік берді.
Интеллектуалды ойынның бірінші кезеңінде рефлексия мен толық жауапты қажет ететін биотехнологияға қатысты сұрақтар, ребустар мен логикалық жұмбақтар ұсынылды. Ал ойын арасында музыкалық үзіліс жасалды.
Ойынның екінші бөлігінде командалар «Қара жәшіктің» ішіндегі сұрақтарға жауап іздеді. Әр командаға әр түрлі сұрақтар келді және олар бәрінен сүрінбей өтті.
Ойын соңында жеңімпаздарға сыйлықтар табысталып, маусымның үздік ойыншысы таңдалды.