П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты Наурыз мейрамын тойлауды жалғастырды. Институттың кафедралары арасында байқау өтті, ережеге сәйкес кафедралар аудиторияларды ұлттық нақышта безендіріп, «Сырға салу», «Беташар», «Қырқынан шығару», «Бесікке салу», «Құда түсу » сияқты қазақтың дәстүрлерін, ырымдарын көрсетті.
Құрамында Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Айгүл Айдналиева, институт директоры Әлібек Табылденов және институт директорының оқу, тәрбие ісі, сонымен қатар мансап және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасарлары Әсел Дәнекенова, Елена Васильчук Орал Такиров бар қазылар алқасы аудиторияларды аралап, студенттердің өнеріне, дайындығына баға берді. Қазылар 7 кафедраның шағын қойылымдарына көңілдері толды, қазақтың әдет-ғұрыптары барынша шынайы көрсетілгенін атап өтті. Бірақ байқаудың нәтижесі жұма күні, мереке қарсаңында жарияланады.