Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап ОПҚ жалақысын арттыру туралы бұйрыққа қол қойды.
Білім министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге, аға оқытушылар – 230 мың теңге, қауымдастырылған профессорлар – 260 мың теңге, профессорлар – 350 мың теңге алуы тиіс. Ұлттық жоғары оқу орындары үшін бұл меже одан да жоғары.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де университеттің шығыс және кіріс бөлігін оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: 2019 жылы жалақы 20% - ға, 2020 жылы 25-30% - ға көтерілді.
Университетте көптеген жылдар бойы KPI арқылы профессорлық-оқытушылық құрамның қызметін бағалаудың тиімді рейтингтік жүйесі жұмыс істейді. Бұл оқытушыларды тек оқумен ғана емес, ғылыммен, әдістемелік, зерттеу, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға ынталандырады, сонымен қатар ай сайын 70-80 мың теңге көлемінде қосымша ақы алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға қатысу арқылы ПОҚ-ның кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Біздің университет ғалымдары да мұндай қаржыландыру шараларға қатысып тұрады.
Үкімет, министрлік және тиісінше университет деңгейінде барлық қабылданып жатқан шаралар - бірінші кезекте, кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында оқытушылар үшін жасалып жатқан қолайлы жағдайлар.