20 сәуірде Бухгалтерлік есеп және менеджмент кафедрасы «Есеп және аудит» мамандығының беделін арттыру және таныту, дарынды студенттерді анықтау мақсатында Қостанай облысы колледждерінің студенттері арасында «Мен үздік есепшімін» байқауын өткізді. Конкурс қашықтықтан, 2 кезеңде өтті: теориялық және практикалық.
Конкурстық комиссия құрамында Экономика және құқық институтының төрағасы Әлібек Табулденов, бухгалтерлік есеп және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Айдар Байкин және осы кафедраның доценті Гүлдер Абаева, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрант Карина Андросова болды. Олар ұсынылған жұмыстарды тексеріп, бір шешімге келді.
1 орын - Әсел Хажиева (Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі);
2 орын - Римма Танкенова (Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі);
3 орын - Карина Кожахметова (Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі).