А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында университет студенттері арасында байқау жариялайды.
Байқау екі номинация бойынша өтеді. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы бейнероликтер байқауына кез-келген қолжетімді бейнеқұрылғыларға (ұялы телефонның камерасына, смартфон, цифрлық фотоаппарат, планшет, кәсіби немесе әуесқой бейнекамераларға) түсірілген видеоларды ұсынуға болады. Байқауға қатысушы бейнероликтің жанрын өзі анықтайды (мысалы: репортаж, сұхбат, шолу, бейнеклип болуы мүмкін). Бейнероликке қойылатын техникалық талаптарды БАЙҚАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН табуға болады.
Екінші номинация – мерч жасау. Мерч университет рәміздерімен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен байланысты болуы керек. Бұл номинацияға қойылатын барлық талаптар КОНКУРС ЕРЕЖЕСІНДЕ сипатталған.
Байқаудың мақсаты – студенттердің бойында патриоттық, өз Отанына деген мақтаныш сезімін дамыту.
Байқау екі кезеңде өтеді. 1-кезең – конкурстық жұмыстарды қабылдау кезеңі, 15 қараша мен 5 желтоқсан аралығында;2 кезеңде конкурстық комиссия жұмыс істейді, үздік жұмыстар іріктеледі. 6-12 желтоқсан аралығында қазылар алқасының іріктеуінен өткен роликтер мен мерчтер оқу орнының әлеуметтік парақшаларында жарияланады.
Байқау жеңімпаздарын дауыс беру нәтижелері бойынша Ұйымдастыру комитеті 13-25 желтоқсан аралығында университеттің сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялайтын болады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.
Қатысыңыздар, өз күштеріңізді сынап көріңіздер! Сәттілік!