Мансап және жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – түлектерді жұмысқа орналастыру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ерлан Салықбаев мемлекеттік органдарға қызметке орналасудың барлық кезеңдері мен мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы айтып берді. Сондай-ақ Е.Салықбаев мемлекеттік қызметшілерді тестілеу тәртібіне және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарға назар аударды.
Іс-шараға Тексеру комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түлектер қауымдастығының мүшесі Арман Испутдинов те қатысты. Ол мемлекетке қызмет ету қай уақытта да беделді саналғанын атап өтті. Ал А.Испутдинов мемлекеттік қызметтегі жеке жұмыс тәжірибесімен бөлісті.Институт директоры Алмабек Нұғманов университет басшылығы атынан спикерлерге пайдалы, маңызды және қызықты ақпарат бергендері үшін алғысын білдірді.
Спикерлер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, осындай кездесулер өткізуге мүмкіндік берген университет басшылығына алғыстарын білдірді.