object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-26 19:39:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Мемлекеттік қызмет мектебі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті қабырғасында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының салтанатты ашылуы болды. Мемлекеттік қызмет мектебінде 3 күн бойы 128 студент (4-курс студеттері) білім алады. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, ҚӨУ-нің Мансап және жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен қараша айында өткен студенттердің мемлекеттік қызмет өкілдерімен кездесулері нәтижесінде пайда болды.

2018 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жоба өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеді. Аталмыш мектеп түлектері оқу курсының соңында мемлекеттік қызметке кіруге ықпал ететін қажетті білім мен тиісті сертификатқа ие болады.

Жобаға қатысушылар алдында Қостанай өңірлік университетінің ректоры Алма Дощанова құттықтау сөз сөйледі: «Түлектерді жұмысқа орналастыру – университетіміздің алға қойған негізгі және басым міндеттерінің бірі. Бүкіл әлемде университетке деген сенімнің бірінші көрсеткіші – оның түлектерінің қаншалықты сұранысқа ие екендігі. Университетте бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Ал бүгінгі басқосуымыздың мақсаты – сіздердің болашақта жұмысқа орналасуыңызға ықпал ету. Студенттеріміздің мемлекеттік қызметкер болуға дайын және ниетті екендігі бізді қуантады».

Сонымен қатар кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Асхат Ескендіров, Мемлекеттік қызмет ардагерлері Сергей Жалыбин, Валерий Вишниченко, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Ақерке Бекахметова және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әлия Оспанова сөз сөйледі.

Қабылдау комиссиясы