«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің» өкілі П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ-ның 4 курс студенттерімен кездесіп, кәсіптік бағдар берді.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Гүлнар Байлина студенттерге мемлекеттік қызметке өту ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеудің ерекшеліктері мен артықшылықтары, мансаптық перспективалар, қазақстандық қоғамның прогрессивті дамуына жеке үлес қосу қажеттілігі туралы айтты.