object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-27 03:26:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Мектептерде соңғы қоңырау соғылды

Бүгін облыстың барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Мектеп түлектерін өмірдегі маңызды кезеңмен құттықтап, бағыт-бағдар беру мақсатында университет өкілдері мектептерге барды. Олар облыс орталығындағы 34 мектепті аралады.

«Құрметті түлектер, сіздерді үлкен өмірге қадам басуларыңызбен, мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймыз! Бұл әрбір түлек үшін, ата-аналар мен мұғалімдер үшін маңызды оқиға, өйткені алда жетістіктер, тәуелсіз және ересек өмір күтіп тұр. Бұл сіздердің болашағыңызды таңдаудың кезеңі мен перспективасы, - деп университет өкілдері түлектерге ақ тілектерін білдірді. Біздің университет туралы ақпарат берілді. Әсіресе оқу ордамыздың жаңа статусы, мүмкіндіктері туралы айтылды. Университет жұмыс берушілермен бірге ең маңызды білім беру бағдарламаларын іске асырады, ол дегеніміз – табысты жұмысқа кепілдік беру. Сонымен қатар, дебаттық қозғалыстарға, КВН-ға, ғылыми мектептер мен спортқа қатысу арқылы зияткерлік, ғылыми және шығармашылық әлеуетті ашуға жағдай жасалған.

Дұрыс таңдау жасаңыз. КРУ – бұл жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар университеті!

Қабылдау комиссиясы