object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:19:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мектеп пен университеттің ынтымақтастығы

Жаратылыстану пәндері кафедрасының студенттері ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде «Бақытты балалық шақ – тәуелсіз Қазақстанның басымдығы» атты ҚР-ның Тәуелсіздік күні мерекесіне орай №7 жалпы білім беретін мектеп ұйымдастырған ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның мақсаты – зерттеу дағдыларын жетілдіру, қабілеттерін дамыту арқылы педагогтердің әдістемелік және кәсіби деңгейін жетілдіру, сондай-ақ баланың жеке басының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау. Конференция жұмысына мектеп педагогтары, жоғары сынып оқушылары, педагогикалық институттың жаратылыстану пәндері кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.

КРУ студенті Екатерина Тарасенко «Қостанай ауданының жабайы жер аралары (Andrena sp.) мен бал арасы (Apis mellifera L.) тақырыбында баяндама оқыды. Ал Сабина Жулдыбаева Қостанай облысының соңғы 50 жылдағы климаттық көрсеткіштерінің өзгеруі туралы айтты, сондай-ақ «JARYQ» еріктілер клубының төрағасы Дана Әлібекова «Еріктілер клубы – маңызды идеяларды жүзеге асыру» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылар конференцияға қатысушы студенттерге қызықты, мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдірді және оларды сертификаттармен марапаттады.

Қабылдау комиссиясы