Кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ экономика және қаржы кафедрасы мен Қостанай қаласының №8 орта мектебінің өзара әрекеттесуі мен жұмыс жоспары аясында «Отбасы апталығы» өтті.
9-11 сынып оқушылары үшін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының профессоры Сансызбай Жиентаев «Өзгермелі әлемдегі отбасы» («Заманауи ананың портреті», «Әкелер мен балалар: заманауи үрдістер») тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен таныстыруға, Бозбалалар мен бойжеткендер арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.
Сонымен қатар кездесу барысында мектеп оқушыларына «Экономика», «Қаржы», «Мейрамхана бизнесі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат ұсынылды.