object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 02:07:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мектеп оқушыларымен кездесу

Чужинов атындағы экономика және құқық институты кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында ZOOM платформасында №1 және №2 мектеп-лицейілерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің модераторы – директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Орал Такиров. Ол қатысушылар мен спикерлер арасындағы байланысты ұйымдастырды.

Институт директоры Әлібек Табылденов болашақ талапкерлерге институт құрылымы, қызметі, жүргізіліп жатқан ғылыми іс-шаралар, институт студенттерінің академиялық ұтқырлығы туралы ақпараттарды ұсынды.

Содан кейін сөз «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Қанат Жұмабаевқа берілді. Қанат Ақанұлы оқушылар назарына «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламаларын ұсынды.

Осыдан кейін мектеп оқушыларына бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының білім беру бағдарламалары жайында кафедра меңгерушісі, PhD докторы Айдар Байкин ақпарат берді.

Ал «Құқықтану», «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламалары туралы Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Шунаева айтып берді.

Сонымен қатар, мектеп оқушыларына әлеуметтік білім беру бағдарламалары да ұсынылды. Психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ирина Пархоменко «Психология» білім беру бағдарламасы туралы айтты. «Журналистика» білім беру бағдарламасын студенттерге журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік ғылымдар магистрі Амангелді Шөрентаев таныстырды.

Сонымен қатар спикерлер өз презентациялары барысында әр мамандықтың қызмет бағыттары және қандай ұйымдарда тәжірибеден өтуге болатындары туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында білім алушыларға жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы, студенттердің әлеуметтік, қызыққа толы күнделікті өмірі жайлы айтылды. Сондай-ақ гранттар, түрлі жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.

Қабылдау комиссиясы