14 сәуір күні А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институтының Математика кафедрасы «Электр энергетикасы» мен «Математика» мамандығының 1 курс студенттері арасында «МАТЕМАТИКАЛЫҚ КВН» өткізді.
Ойын ережесі бойынша екі топ кезекпен әр түрлі беткеттердің тапсырмаларын орындап, келесі станцияға өтуі керек. «Театр» станциясында топтар сахналық көрініс қойса, «Музыкалық» бекетте ән шырқады. «Романтикалық» станцияда қатысушылар сезімдерін білдірді. «Эврика», «Спорттық» бекеттерде де түрлі тапсырмалар орындады.
Соңғы «Алтын балық» бекеті жеңімпаздарды анықтап берді.
Қазылар алқасының төрағасы Гүлнар Исмаилова ойын жеңімпаздарын жариялап, тәтті сыйлықтар табыстады.
Ойын студенттердің Математикаға деген қызығушылығын күшейту мақсатында ұйымдастырылды.