5 мамыр күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігімен (Нұр-Сұлтан) бірге Мәскеу шайқасының 80 жылдығына арналған «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты халықаралық on-line дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік тарихтағы заманауи оқиғалар аясындағы соғыстың негізгі нәтижелері мен сабақтарын талқылады, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық әскери құрамалардың ерлік істері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ олар Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан және хабарсыз кеткен батырлардың есімдерін мәңгі есімізден шығармау керектігін айтты.
Дөңгелек үстел аясында соғыс қарсаңындағы әлемдегі саяси жағдай; Қазақстанның ұлттық әскери бөлімдері: құрылу тарихы және жауынгерлік жолы; қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста; 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақстандықтардың ерліктері; Қазақстандағы өндірістік объектілер мен халықты эвакуациялау және орналастыру; соғыстан кейінгі жылдардағы рэвакуация; Қазақстан - майданның арсеналы: Қазақстан аумағындағы әскери-қорғаныс өнеркәсібі объектілері; қазақстандық әскери тұтқындардың тағдыры және оңалту проблемасы; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және білімнің жағдайы сияқты мәселелер талқыланды.