object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 10:19:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мұражайдағы түн

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында халықаралық мұражай күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Экономика және құқық институтының қатысуымен дәстүрлі «Мұражайдағы түн» акциясы өтті. Бұл күні мұражай қызметкерлері мен университет студенттері қала тұрғындары үшін көрмелер, іс-шаралар мен экспозициялар ұйымдастырды.

Әр жыл әр түрлі тақырыптағы шаралар өтеді. Биылғы жылдың тақырыбы - «Мұражайлардың болашағы. Қалпына келтіру және жаңарту». Аталмыш тақырып пандемиядан кейін мұражайлардың жұмысын қалпына келтіру қажеттілігін білдіреді, - дейді мұражай жетекшісі Валентина Палаева. «Мұражайдағы түн» акциясы барысында қызықты мастер-кластар, көрмелер, шығармашылық квесттер ұйымдастырылды. Түнгі экспозицияда қостанайлық суретші Георгий Соковтың көркем туындыларын, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қостанай облысының құрылғанына 85 жыл толуына арналған «Туған өлкенің өміріндегі бір күн» көрмелерін тамашалауға жақсы мүмкіндік туды.

«Түнгі» мәдени шарада қостанайлық суретшілер мектеп оқушылары мен студенттерге шеберлік сыныптарын өткізді. Түнгі мұражай қонақтары қуыршақ театрының шығармашылығымен де танысты, мұнда олар тек көрермен болып қана қоймай, өздерін актер ретінде көрсете алды.

Сонымен қатар, қостанайлықтар тәжірибелі гүл өсірушілерден бөлме өсімдіктерін өсіру бойынша кеңес алуға және тарихи костюмдермен суретке түсуге мүмкіндік алды.

   

Қабылдау комиссиясы