Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты отансүйгіштікке, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізеді.
Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Айбике Қазыбаеваның ашық дәрісі өтті. Айбике Тазболатқызы студенттерге Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктері туралы айтып берді. Атап айтқанда, экономикалық сектордың, білім берудің, медицинаның және тағы басқа салалардың даму тарихы баяндалды.