А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара жазушының 125 жылдығына орайластырып ұйымдастырылды.
Әдеби кештің мақсаты – «Абай жолы» романының авторын студент жастар арасында дәріптеу, қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушының шығармаларымен таныстыру.
Әдеби кештің қонақтары: Серікбай Оспанов – әдебиеттанушы ғалым, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Қарлығаш Нұрмұхаметова – Ұлттық тәрбие және кәсіби бағдар бөлімінің басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Кенжегүл Есіркепова – Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Студенттер жазушыға арнап жазған арнау өлеңдерін оқыды, «Қорғансыздың күні» әңгімесінен көрініс қойды.
Әдеби кештің ұйымдастырушылары: ғылыми кітапхана басшысының орынбасары – Сәния Безаубекова, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері мен кураторы Алмагүл Безаубекова, Ұлттық тәрбие және кәсіби бағдар бөлімі.