Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ-ның 1 курс студенттері топ кураторы п.ғ.к. Ольга Евдокимовамен бірге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражай қызметкерлері студенттерге барлық 12 көрме залы бойынша экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында студенттер мұражай тарихи ғимаратта, ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші, ағайынды Яушевтардың сауда үйінде орналасқанын білді. Бүгінде мұражай қорында 130 мыңнан астам жәдігер бар.
Студенттер өлкенің ежелгі тарихымен, Қостанай қаласы мен облыстың қалыптасу тарихымен, 19-20 ғасырлардағы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және одан кейінгі Қостанай облысының дамуымен танысты.
Студенттер үшін ҚазКСР Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей космонавтика академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғарыштық зерттеулер институтының директоры Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің өмірі мен қызметі туралы білу өте маңызды болды.
Өзге аймақтардан келген студенттер Қостанай өңірінің тарихымен асқан қызығушылықпен танысты.