«Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері Диана Сансыбай, Махаббат Бекмұхамбетова және Анастасия Феклюнина Қостанай құрылыс колледжінде педагогикалық практикадан өтті.
Практикант студенттеріміз колледж әкімшілігі мен психолог мамандармен бірге жетістік тақырыбына арналған жоспарлы іс-шара өткізді. Іс-шара аясында олар «Комплимент» психологиялық тренингін өткізді, рефлексия – «Жетістік баспалдағы».
Іс-шара барысында колледж студенттері белсенді және мұқият болды. Тренинг қатысушылар көңілінен шықты.
Нәтиже қорытындысы көрсеткендей, жастар өздерінің мақсаттары мен армандарына деген керемет көзқарас пен жоғары мотивацияны көрсетті. Болашақ психологтарға колледж студенттерімен және шақырылған қонақтармен жұмыс өте ұнады.