object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 01:10:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері: дәстүрлер мен инновациялар» - ZOOM платформасында өткен Экономика және құқық институтының философия кафедрасының және Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен халықаралық дөңгелек үстелдің тақырыбы осындай.

Дөңгелек үстелдің модераторлары: философия ғылымдарының кандидаты, доцент Денис Качеев (философия кафедрасы) және әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы Ақмарал Ералина (Қазақстан тарихы кафедрасы). Пікірталас барысында қазіргі жағдайдағы білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, курстардың әдістемесін онлайн оқыту форматына бейімдеу, Қазақстан тарихы және философия кафедраларының оқу процесінде электрондық мазмұнды қолдану, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы жаңа тәсілдер мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің атынан Философия кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, Оралбай Қабыл; философия ғылымдарының докторы, профессор Сафар Қолдыбаев; философия ғылымдарының кандидаты, доцент Юрий Бондаренко; тарих ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Айнаш Анасова; тарих ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Гүлдана Тастекова қатысты.

Дөңгелек үстелдің шетелдік қонақтары: Марат Чистанов - философия докторы, Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің философия және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі; Валентина Асохакова - тарих ғылымдарының докторы, Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің Ресей тарихы кафедрасының меңгерушісі; Клавдия Султанбаева - Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті, Үздіксіз педагогикалық білім беру институтының мектепке дейінгі және арнайы білім беру кафедрасының профессоры; Валентина Мансурова - Н.Ф. Катанов атындағы ХМУ-нің Жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы.

Дөңгелек үстел барысында қоғамдық-гуманитарлық білімнің тұжырымдамалық негіздері және пандемия жағдайындағы адамгершілік мәселелері туралы теориялық баяндамалар тыңдалды, сонымен қатар жаңа цифрлық платформалар мен білім беру процесінде қолданылатын оқыту әдістері туралы тәжірибеге бағытталған хабарламалар жасалды.

Қабылдау комиссиясы