ҚР Білім және ғылым вице-министрі М.М.Дәуленовтің төрағалығымен «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес жанында стратегиялық жоспарлау жөніндегі Комитет, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет, аудит жөніндегі комитет құрылды. Төраға болып бизнес, банк секторы өкілдері қатарынан тәуелсіз сарапшылар сайланды.
Сонымен қатар университеттің ішкі аудит қызметі құрылды және ол туралы ереже бекітілді. Қызметтің негізгі функцияларының бірі – корпоративтік басқару деңгейін арттыру және ЖОО қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудит қызметі университеттің өңірлік экономиканы дамытуға қосқан үлесін арттыру, кадрларды даярлау деңгейін жетілдіру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды буынға айналады.
Оның бірегейлігі - ол үнемі университет ішінде жұмыс істейді және қызмет түрі бойынша университетте болып жатқан процестердің шынайылығы мен сапасын бақылауға мүмкіндік алады. Осылайша, ақпараттың шынайылығына кепілдік қызметін атқарса, екінші жағынан, процестерді ұйымдастыру мәселелері бойынша топ-менеджментке кеңес береді.
Осылайша, ішкі аудит қызметі біздің өзгерістеріміздің табысының кепілі болады.