2022 жылдың 3 ақпанында кәсіптік бағдар беру бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығының түлектерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Орал Такиров университет, оның құрылымы, қолжетімді білім беру бағдарламалары, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру негізінде ЖОО-на түсу ережелері туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, кездесуге Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының оқытушылары да қатысты: педагогика ғылымдарының магистрі, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Гауһар Баубекова; Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Гүлбану Үңгітбаева; педагогика ғылымдарының магистрі, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім» кафедрасының аға оқытушысы Алмагүл Саламатова; педагогика ғылымдарының магистрі, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Динара Тойымбетова; психология магистрі, психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы Анар Мақанова. Олар колледж студенттеріне 6В01101-Педагогика және психология; 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 6В01202-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, педагогикалық анимация; 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі; 6В01506-География білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат берді. Студенттер әр білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпарат алды, әр мамандықтың болашағы мен артықшылықтары туралы білді.
Ал психология магистрі, П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының психология кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Әубәкірова колледж студенттерін 6В03101-Психология білім беру бағдарламасымен таныстырды.
Колледж студенттерін қабылдау және құжаттарды тапсыру, ҰБТ тапсыру, мемлекеттік білім грантына конкурсқа қатысу, оқу форматы ситы мәселелер қызықтырды. Қостанай қаласының педагогикалық колледжінің студенттері өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық және жан-жақты жауап алды.