Өңдеу технологиялары және стандарттау кафедрасы Қостанай облысының мектеп түлектерін кәсіби бағдарлау мақсатында кездесу өткізді.
Кафедраның доценті, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Людмила Здерева және аға оқытушы Любовь Павлова Жамбыл және Мичурин орта мектептерінің оқушыларымен кездесті. Олар «Өсімдік шикізатынан өнімдерді өңдеу және өндіру технологиясы», «Тамақ өнімдерінің технологиясы», сонымен қатар «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламаларын ұсынды. Мектеп түлектеріне А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-дегі оқудың артықшылығы мен түлектерді жұмысқа орналастыру перспективалары туралы айтылды, сондай-ақ оқу ақысы бойынша жеңілдіктер жүйесі таныстырылды.
Университет қабырғасындағы студенттердің өмірі туралы және студенттік өзін-өзі басқару мен студенттер клубтары туралы да ақпарат берілді.
Кездесу модераторы, кафедра меңгерушісінің м.а. Айгүл Амандыкова.