Қостанайда қазақ күресінен 2001-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Спорт додасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналды. Сайысқа барлығы 420 спортшы қатысты. Олардың 80-і қыздар, 380-і жігіттер. Қатысушылар чемпионаттың жоғарғы деңгейде өткенін айтады.
Біріншілік төрт күнге жалғасты. Сайыста университетіміздің студент қыздары жақсы нәтиже көрсетті. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының 3 курс студенті Жансая Аманбаева мен құқықтану мамандығының 3 курс студенті Қалдыгүл Бекет жүлделі 3 орынды иеленді. Қыздардың жаттықтырушылары – спорттық-сауықтыру кешенінің бапкерлері Жұмахан Қасымқанов, Кенжибек Құдабаев.Жеңімпаздар Универсиадада университетіміздің намысын қорғайтын болады.