Бүгін Айтмұхамбетов атындағы инженерлік институтының ITI_GAME ойын-сауық-танымдық клубы «Игротека» (ойынхана) сайысын өткізді. «Ойынхана – бос уақытты қызықты өткізуге және жаңа достар табуға негізделген шарасы»,-дейді ұйымдастырушылар. Сайысқа қатысуға ықылас танытқандар көп. Алайда ойынның форматы онлайн болғандықтан, орныдар шектеулі болды. Сондықтан қатысам деушілер алдымен түрлі сынақтардан өту керек болды. Ұйымдастырушылардың сынақтарынан сүрінбей өткендері ғана ойынға қатысуға жолдама алды.
Сайыс жеке тапсырмалары бар 6 түрлі ойын түрінде өтті. Сайыста жақсы ойын көрсеткен студенттер:
Әліби Ақанов, Татьяна Баранова, Ернар Кенжетай, Анна Щербань, Гузель Мусина және Юлия Финк.
Жеңімпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.
Бұл – жаңадан құрылған клубтың жаңа бастамасы. «Талай қызық әлі алда»,-дейді клуб мүшелері.