2 ақпанда П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директораты 1-4 курс студенттері арасында сұрақ-жауап бағытында кездесу өткізді.
Кездесуді институт директоры Әлібек Табулденов жүргізді. Студенттер алдағы Президенттік стипендия конкурсы туралы сұрақтар қойды, көптеген сұрақтар Platonus базасының жеке кабинетінде жұмыс жасау, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы болды.
1 курс студенттері әскери кафедраға құжаттар тапсыру үдерісіне қызығушылық танытты. Институт басшылығы барлық қойылған сұрақтарға толық және түсінікті жауап беруге тырысты.