object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 05:45:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Халықаралық дөңгелек үстел

16 сәуірде «Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» ғылыми-зерттеу институты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультеті, Қырғыз-Ресей Славян университетімен бірге «Астана» Халықаралық қаржы орталығы қызметінің өзекті мәселелеріне арналған халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел тақырыбы: «АХҚО-ның («Астана» Халықаралық қаржы орталығы) Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде жұмыс істеуі: проблемалық аспектілері және даму перспективалары».

Арнайы құқықтық режим шеңберіндегі Қазақстанның құқықтық жүйесінде АХҚО-ның жұмыс істеуі мәселелері, қолданыстағы құқықты қалыптастырудың теориялық аспектілері, АХҚО құруды мысалға ала отырып, ҚР құқықтық жүйесіндегі жалпы құқықтың қағидалары, нормалары мен прецеденттерін қабылдау мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қатысқандар:

1. Абзал Серікбаев - академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетінің деканы;

2. Айнаш Садыгалиева - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қырғыз-Ресей Славян университетінің әкімшілік және қаржылық құқық кафедрасының меңгерушісі;

3. Азамат Майбалаев - Consult Engineering Group директоры, АХҚО қаржылық платформасының қатысушысы;

4. Әлібек Табулденов - тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры;

5. Сымбат Укин - заң ғылымдарының кандидаты, П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті;

6. Сәкен Ешмұратов - «KORGAN» заң компаниясының директоры – «Астана» АХҚО Халықаралық қаржы орталығының мүшесі;

7. Гүлмира Базарова - медициналық құқық және этика кафедрасының аға оқытушысы;

8. Диана Батырбекова - докторант, заң ғылымдарының магистрі, П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы.

Дөңгелек үстел қатысушылардың қызықты баяндамаларына толы болды, АХҚО жұмысының өзекті және проблемалық мәселелері атап өтілді, олар тыңдаушылар мен дөңгелек үстелге қатысушылар арасында шынайы қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды.

Қабылдау комиссиясы