object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-21 12:15:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІ

Бүгін университетіміздің «Журналистика және коммуникация менеджменті» кафедрасы үшінші рет өткізіп отырған KozQaras деректі фильмдер фестивалі басталды.
Үш күн бойы «Журналистика» және «Режиссура» бағыты бойынша білім алушылар үшін дөңгелек үстелдер мен арнайы шақырылған қонақтардың шеберлік сабақтары өтеді. Олардың қатарында Алматыдан арнайы келген қонақ, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кино тарихы және теориясы кафедрасының доценті Надежда Беркова. Фестивальдің ашылуына тек студенттер ғана емес, Қостанай қаласының №19 мектеп оқушылары да қатысты. Айтпақшы, іс-шара соңғы үш жыл ішінде алғаш рет оффлайн режимде өткізіліп отыр.
Бүгін байқауға қатысып жатқан студенттердің жұмыстары көрсетіліп, бағаланады. Қатысушылар арасында Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері де бар екені белгілі. Ал ертең белгілі режиссер, сценарист, креативті продюсер Денис Данилов, қазақстандық режиссер, PhD (режиссура), AlmaU университетінің Медиа және кино мектебінің профессоры Азат Хакимов және ҚазҰӨА кино және теледидар бөлімінің басшысы, «QazDoc» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдос Сейітжанның қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі. Ал қорытынды 22 ақпанда шығарылады, ол туралы кейінірек хабарлаймыз.

Қабылдау комиссиясы