Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасы аясында «Журналистика» мамандығының 1 курс студенттері мен топ кураторы Светлана Машкова Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барды. Студенттер «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қостанайлықтар» атты тақырыптық экспозицияны тамашалады. Мұнда жауынгерлердің фотосуреттері, хаттары мен құжаттары қойылған, сонымен бірге олардың соғыс қимылдары мен майдан өмірінде қолданған жеке заттары да көпшілік назарына ұсынылды. Мысалы, әскери шлемдер, күректер, мылтықтар, сөмкелер, темекі дорбалары, тіпті Брест қамалының кірпішінің бір бөлігі де қойылған.
Экскурсовод соғыстың алғашқы күндерінен бастап Қостанай облысының аумағында құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 1942 жылдың 26 сәуірі - Қостанайлықтар үшін ұмытылмас күн. Бұл күні Қостанайдан, кейінірек 150 атқыштар дивизиясы болып қайта құрылған, 151 атқыштар бригадасы майданға аттанды. Дәл осы жылы көпшілігі Қостанай облысының тұрғындарынан құрылған 171-ші атқыштар дивизиясын Отан қорғауға шығарып салды. Олар Берлинге дейін жетті және Рейхстагтың үстінен Жеңіс туын көтеруге қатысты.
Экспозицияда студенттерге ұсынылған материалдар біздің облыстың жауды жеңуге қосқан үлесін көрсетеді.
Содан кейін бірінші курс студенттері Жеңіс саябағына барып, белгісіз сарбаздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Туған өлкенің тарихын білу, Ұлы Отан соғысы жылдары ұрпағының болашағы үшін қан төккен аталарымыздың есімін естен шығармау – бейбітшілік құндылықтарын сезіну үшін өте маңызды.