Болашақ студенттермен кездесулер жалғасуда. 23 желтоқсанда Қостанай қаласының №15, 17 орта мектептерінің және М.Хакімжанова ат. №20 орта мектебінің бітіруші сынып оқушыларымен ZOOM платформасында кездесу өтті.
Кездесу модераторы: Орал Такиров – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Институт директоры Әлібек Табылденов Институттың тарихы туралы ақпарат берді.
Содан кейін спикерлер институттың білім беру бағдарламаларын ұсынды.
Бірінші болып экономика бағытындағы білім беру бағдарламалары ұсынылды. Бұл мамандықтар туралы экономика және қаржы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Сетқали Төрежанов айтып берді. Ол оқушылардың назарына «экономика», «қаржы», «құқық және экономика негіздері» білім беру бағдарламаларын ұсынды.
Содан кейін «Менеджмент», «Маркетинг», «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының аға оқытушысы Жұлдыз Төлегенова баяндады.
Сонымен қатар оқушыларға «Құқықтану», «Халықаралық құқық» заң бағытының білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Аталған білім беру бағдарламаларының артықшылықтары жайлы қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Айнур Майсатаева әңгімеледі.
Әлеуметтік бағыттағы білім беру бағдарламалары да оқушылар назарына ұсынылды. «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша ақпаратты оқушыларға психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Нұргүл Әубәкірова ұсынды.
«Журналистика» білім беру бағдарламасын журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, докторант Айсұлу Мұхамбетжанова таныстырды.
Кездесу соңында оқушыларға тәрбие жұмысы, студенттік өмір, оқу орнында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, гранттар, жеңілдіктер және оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер туралы да айтылды. Бұл ақпаратпен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров бөлісті.
Барлық қойылған сұрақтарға институт оқытушылары толық жауап берді. Сонымен қатар, оқушыларға Институт пен университеттің әлеуметтік желілеріне сілтемелер жіберілді.