object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-19 09:05:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЕҢ АУҚЫМДЫ STARTUP-БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ SMART-орталығында «TAYELSIZDIK URPAGY» startup-байқауының ақтық кезеңі өтті.
«TAYELSIZDIK URPAGY» - бұл ірі startup-байқау, оның барысында қатысушыларға үздік ментор-бизнесмендерден воркшоп, шеберлік сыныптары, трекшн-кездесулер және жеке консультациялар түрінде оқудан өтуге бірегей мүмкіндік беріледі.
ℹ Естеріңізге сала кетейік, байқау биылғы жылдың мамыр айында басталды. Оған мектеп бітіруші оқушылар, колледждер мен ЖОО студенттері қатысты.
Бірінші кезеңде түрлі бағыттар бойынша 63 өтінім қаралды:
✅ IT - жобалар, технологиялар;
✅ ауыл шаруашылығы;
✅ азаматтардың өмірін жеңілдететін құралдар мен технологиялар;
✅ мобильді қосымшалар;
✅ экология;
✅ өндірістік процестерді автоматтандыру;
✅ тамақ өнеркәсібі.
Іріктеу нәтижесінде финалға 19 үздік жұмыс өтті. Финалда қатысушылар Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, «Сбербанк» ПАҚ директоры Серік Қарабаев, «Олжа Агро» ЖШС бас директоры Айдарбек Ходжаназаров, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің өкілі Ербол Ахметов, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Нұркелген Өтеулин сияқты қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғады.
		<button class=Басып шығару

Қабылдау комиссиясы