Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп «Достық ағашы» акциясын бастады. Біздің еліміздің аумағында тұратын халықтардың өкілдері өздерінің ұлттық кәдесыйларын «Достық ағашына» ілді.
Институт студенттері қазақ, орыс, шешен, әзірбайжан, кәріс, өзбек, түркімен, еврей, латыш сияқты халықтардың өкілі болды.
Бұл акция Қазақстан Республикасының барлық халықтарының достығы аясында өткізіледі. Достық ағашы облыстық мұражайда орналасады және қалаған адам барып, өз ұлтының кәдесыйын іле алады.