object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-02-26 19:07:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Этно-стильдегі жақсылық

Baitursynuly University «Химия» және «Биология» білім беру бағдарламаларының студенттері ерекше форматтағы шеберлік сабаққа қатысты. Аға оқытушы Севара Дарибаеваның жетекшілігімен олар жануарлар панасына көмек көрсету мақсатында этно-әшекейлер топтамасын жасады.

Ө.Сұлтангазин атындағы Педагогикалық институттың жаратылыстану ғылымдары кафедрасы апталығы аясында «Community Service» пәні бойынша ашық сабақ өтті.

Шеберлік сабақтың мақсаты - студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қатысушылар дәстүрлі әшекей жасау техникасымен танысып, олардың мәдени маңызын зерттеді және алған білімдерін бірден тәжірибеде қолданды.

Топпен жұмыс істей отырып, студенттер он шақты әшекей жасады: шекелік, білезік, алқа, сырға және шашбау. Кейін бұл әшекейлер қайырымдылық жәрмеңкесінде сатылып, түскен қаражат жануарлар панасына жіберіледі.

Қабылдау комиссиясы