Наурыз — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып тойлайтын. Бұл күндері түрлі қызықтар мен сорттық ойындар, жарыстар өткізіледі.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері «Сұңқар» спорт кешенінде өткізілген «Дені саудың – жаны сау!» спорт фестиваліне қатысты. Аталмыш шара Наурыз мейрамын тойлау аясындағы Спорт және шеберлік күніне орай ұйымдастырылды. Фестиваль Жастар ісі жөніндегі комитеттің басшылығымен жоғары студенттік кеңестің бастамасымен өтті.
Спорт мерекесіне А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің барлық институттарының студенттері қатысты. Мерекенің мақсаты – студенттердің бос уақытын қызықты ойындар мен жарыстармен әртараптандыру, оларды салауатты өмір салтына бейімдеу.
Көңілді спорттық жарыстарға қатысқан студенттер жеңіске жету үшін тек қана мықты, қарулы күш иесі болу жеткіліксіз екенін түсінді. Бастысы тапқырлық, ептілік, шығармашылық, оң көзқарас қажет!
Спорт мерекесі «Сұңқар» спорттық-сауықтыру кешені жаттықтырушыларының көмегінің арқасында өтті.
Іс-шара ұйымдастырушылары мерекеге белсенді қатысқан студенттерге алғыс айтады!