Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенттерінің Чернобыль АЭС-індегі апатты залалсыздандыруға қатысқан азаматтармен кездесуі өтті.
26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясындағы техногендік апатқа 35 жыл толады, бұл мыңдаған адамдардың өміріне әсер еткен қайғылы оқиға. Кеңес одағының көптеген азаматтары Чернобыльдегі от ошақтарын жоюға қатысты. Олардың кейбірі еліне қайта оралмады. Бұл апатты соғыспен теңестіруге болады.
Апатты жоюға қатысқандардың денсаулығына зор нұқсан келді, радиацияның әсерінен түрлі дертке шалдыққандары көп. Әрине, мұндай қайғылы оқиғаны ұмытпау керек.
Өткеннен сабақ алу арқылы болашаққа сеніммен қадам баса аламыз. Апатты залалсыздандыруға біздің облыстың азаматтары да атсалысты. Бүгінгі кездесуде студенттер олардың кейбірімен танысуға тамаша мүмкіндік алды. Солардың бірі - запастағы полиция майоры Мұратбек Әбенов пен запастағы полиция подполковнигі Сергей Калашников.
Қонақтар студенттерге апат кезіндегі сұмдық күндер туралы, станцияның 4-блогында өрт сөндіру процесі қалай өткендігі, ауғандық жауынгерлер басқарған әскери тікұшақтардың қалай жабдықталғандығы жайлы айтып берді.