object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 04:43:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Болашақ журналистер осы саланың аға буын өкілдерімен кездесті

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы тәжірибелі журналистер мен өткен жылдардың түлектерін шақырып, мастер-класстар мен онлайн-сабақтар легін өткізбекші. Осындай мастер-класстың алғашқысын кафедра доценті Светлана Машкова «Журналистика» мамандығының 4-курс студенттері үшін ұйымдастырды. Ол «Аналитикалық журналистика» пәні бойынша «Аналитикалық жанрлар: БАҚ-на шолу жасау. Хаттарға шолу. Нұсқа. Болжау» тақырыбында ашық онлайн-сабақ өткізді. Сабақ «Бизнес-Пресс-Лисаковск» апталық газетінің бас редакторы, журналистика факультетінің 2005 жылғы түлегі Максим Сушконың қатысуымен өтті.

Алғашқы болып сөз алған Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Амангелді Шөрентаев іс-шараны өткізудегі басты себептерді атады. Ең бастысы – студенттердің аға буын журналистермен танысып-білісіп, тәжірибе жинақтау, редакция жұмысымен танысу, өз кәсібінде білікті маман атанудың жолдарын айқындау. Сонымен қатар кафедра меңгерушісі алдағы уақытта мұндай кездесулердің басқа курс студенттері үшін де өткізілетінін айтты.

Кездесу барысында Максим Сушко аналитикалық мәтіндерді құру тәжірибесімен бөлісті, заманауи БАҚ-тағы хаттар жанрының өзгеруіне тоқталды және студенттерді қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар қазіргі жастардың жұмыспен қамтылу мәселелесі де сөз болды. Студенттер өз кезегінде теориялық білімдеріне, жергілікті және республикалық басылымдардың материалдарына сүйене отырып, аналитикалық жанрлардың ерекшеліктері туралы баяндамалар мен презентация материалдарын ұсынды.

Қабылдау комиссиясы