object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-21 22:32:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАЛЫ-2023

3 наурыз күні университет студенттері Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Жастар сарайы» мәдени орталығында ең үлкен шара – дәстүрлі Қайырымдылық балын өткізді. Бірнеше жылдан бері оқу ордамыздың студенттері осындай мейірімді, жарқын мерекені ұйымдастырып, жиналған қаражатты бүлдіршіндердің еміне аударады. Биыл түскен қаражаттың барлығы кішкентай Арлан Төлендінің ем-домына жұмсалады.

Бал бағдарламасында үш түрлі вальс орындалды: классикалық, заманауи және қазақ вальсі. Қазақ вальсі – биылғы балдың ерекшелігі. Билерді студенттердің өздері қойды, орындады. Олар өздерінің сиқырлы, әдемі, бастысы мейірімге толы кештің бір бөлшегі екендіктерін сезіне алды. Мерекеде институттардың белсенді студенттері, студенттік парламент мүшелері, сондай-ақ Қостанай облыстық филармонияның әртістері өнер көрсетті. Іс-шараға оқу орнының өткен жылдардағы түлектері де келді. Олар үшін аталмыш бал – студенттік өмірлерінің жарқын естелігі.

Балға дайындық барысында институттарда қайырымдылық жәрмеңкелері өтті.

Вальс байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

Классикалық вальс бойынша үздік жұп – Алексей Фисенко, Анастасия Троян (П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының студенттері).

Заманауи вальстің үздіктері – Дамир Серік, Аружан Кеулімжаева (А.Айтмұхамбетов атындағы ИТИ-ның және Ө.Сұлтанғазин ПИ-ның студенттері).

Қазақ вальсіндегі ең үздік жұп – Мұхамедали Ерниязов, Алина Серік (Ө.Сұлтанғазин атындағы ПИ-ның студенттері).

Студенттерге қолдау көрсеткен университет басшылығына, институт директорлары мен бөлім қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамыз! Сонымен қатар Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығына, облыстық филармония әртістеріне, демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз!

Қайырымдылық акцияларының нәтижесінде 794 630 теңге жиналып, Арланның әжесіне табысталды. Балақайдың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз!

Қабылдау комиссиясы