2021 жылы 30 сәуірде, үлкен мереке - Жеңіс күні қарсаңында тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары Татьяна Пчелкина мен Қарлығаш Бримжанова халықаралық мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: дарынды оқушылар мен студенттерді анықтау және қолдау, тарихқа, батылдық пен парыз тақырыбын ашатын шығармаларға деген құрметті көзқарасты қалыптастыру.
Байқауға Қостанай қаласының, сонымен қатар Ресейдің 5 облысының мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Санкт-Петербург қаласындағы көркем-эстетикалық циклінің пәндерін тереңдетіп оқитын №546 орта мектептің оқушылары, Тотем политехникалық колледжінің, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің, Орал гуманитарлық институтының, Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының студенттері белсенділік танытты. Олар сұрапыл жылдардың көрінісін бейнелейтін өлең жолдарын нақышына келтіріп орындады. Іс-шара барысында қатысушылар С.Гудзенконың, А.Твардовскийдің, М.Далилдің, Ю.Друнинаның, Е.Асадовтың, В.Высотскийдің, К.Симоновтың және тағы басқа ақындардың өлеңдерін еске түсірді.
«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Диана Гаук «Сталинград» атты авторлық өлеңін байқауға арнап жазған.
Байқау соңында қатысушылар бір-біріне, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ата-бабаларының қол жеткізген Ұлы Жеңісін естен шығармауға, ізгілік пен әділеттілік мұраттарын таратуға атсалысуға деген шынайы тілектерін білдірді.
Сайыс қорытындысы төмендегідей:
1-орынға екі студент лайық деп танылды:
Виктория Терехова – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1 курс студенті;
Бахыт Гутова – Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы.
2-орынды бес студент өзара бөлісті:
Мадина Калиева – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1 курс студенті;
Анастасия Журавлёва – Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалының студенті;
Елизавета Андреева – Санкт-Петербург қаласының көркемдік-эстетикалық циклінің пәндерін тереңдетіп оқытатын №546 орта мектеп оқушысы;
Арина Волкова – Орал гуманитарлық институтының студенті;
Полина Попович – Федоров ауданындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп.
3-орын төмендегі қатысушыларға берілді:
Диана Гаук – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 3 курс студенті;
Татьяна Панихина – Тотем политехникалық колледжінің студенті;
Аяна Бикешева – Қостанай қаласының №16 орта мектебінің оқушысы;
Медет Кабдулинов – Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы;
Анастасия Шкода – ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі.