1 маусым - балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні - халықаралық мерекелердің қатарында, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жыл сайын өз қызметкерлерінің балаларына арналған мереке өткізеді. Биыл да 13 жасқа дейінгі 70-ке тарта бала мерекені бимен, ойындармен атап өту үшін университеттің акт залына жиналды. Іс-шараға келген ата-аналар мен балаларды ұйымдастырушылар, университеттің кәсіподақ комитеті тәтті сыйлықтармен қарсы алды. Ал көңілді ойын-сауықтан кейін балаларға дәмді түскі ас берілді.