object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 02:16:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет

Бүгін Қостанай өңірлік университетінің жанындағы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің студенттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Облыстық жастар орталығы бірлесіп өткізген «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» атты конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар белсенді ЖОО, колледж студенттерімен және мектеп оқушыларымен жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге байланысты облыста жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ, біздің университеттің өкілі – Экономика және құқық институтының 2-курс студенті Әсел Тубина республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігі үшін мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелері қандай шаралар қабылдауы керек екендігі туралы өзінің көзқарасымен бөлісті. Әсел отбасындағы тәрбиенің жас ұрпаққа үлкен әсер ететіндігіне, ата-аналардың балаларымен сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы, оның мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуына тигізетін жағымсыз салдары туралы әңгімелесу керек екендігіне ерекше назар аударды.

Кездесу аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері - Жаля Мұсаева және Әділ Мұсабаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің дипломымен және алғыс хатымен марапатталды.

Біз жеке уақытының көп бөлігін осындай маңызды жұмыстарға, қоғамның игілігі үшін жұмсайтын студенттерімізге алғыс білдіреміз!

Қабылдау комиссиясы