Өскеменде Ольга Рыпакова атындағы спорт аренасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Кубогы үшін сайыс өтті. Жарысқа 252 спортшы қатысты.
Қостанай облысының командасының құрамында біздің А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Екатерина Грицай, Роман Алексеев және Павел Ткаченко болды.
Бұл спорттық турнирде ұзындыққа секіруде жеңімпаз атанған Роман. Оның нәтижесі - 6 метр 95 сантиметр. Осылайша ол спорт шеберіне үміткерліктің нормативтерін растады. Екатерина Грицай да спорт шеберіне үміткер ретінде нормативті растады және 800 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші келді. Оның нәтижесі - 2 минут 13, 93 секунд. Жеңіл атлетикада секундтар да маңызды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Еліміздің көк туын желбірететін олимпиада жеңімпаздары атануларыңызға тілектеспіз!