object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 00:51:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біздің шаңғышылардың жеткен жеңісі

Биылғы жылы шаңғышыларды ағымдағы маусымға, яғни Алматы мен Щучинскте өтетін оқу-жаттығу жиындарына дайындау шаралары коронавирусқа байланысты өтпеді. Соған қарамастан, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті, «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы» кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының кубогы үшін сайыста, чемпионатта үздік деп танылды.

4-11 наурыз аралығында Риддер қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты өтті. 1,4 шақырымдық конькимен спринтте 1-курс студенті, спорт шебері Артем Ковалев күміс алқаны жеңіп алса, жасөспірімдер арасындағы 1,2 км-лік спринтте спорт шебері Лаура Киныбаева алтын медальға ие болды, спорт шебері Мария Люфт күміс жүлдегер атанды.

2*3*1,2 км классикалық стильдегі командалық спринтте Лаура мен Мария бірінші болды. Жеке 5 шақырымдық жарыста Мария 1-орынды, Лаура 3-орынды иеленді. Осы Чемпионаттың нәтижесі 4*3 км-дегі жасөспірімдердің эстафетасы болды, мұнда М.Люфт, А.Хажиева, А.Ротова және Л.Киныбаевадан құралған қыздар командасы үздік болып, пьедесталдың ең биік сатысына көтерілді. Осы жарыстардың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

2021 жылдың 21-27 наурыз аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Классикалық стильде 2*3 км-дегі жасөспірімдер арасындағы командалық спринтте Мария Люфт пен Лаура Кыныбаева тағы да жеңімпаз атанды!

Ерлер арасындағы спринтте екі ағайынды спорт шеберлері Артем мен Владислав Ковалевтар үшінші келді, жасөспірімдер арасындағы сптинтте де біздің студенттер Алмас Каримов пен Артем Завьялов үшінші орынға ие болды. 1-курс студенті Анастасия Ротова классикалық жүріспен 10 км жеке жарыста күміс алды.

50 және 30 км-дегі көпшілік старт тартымды өтті. Алишер Кинуарбек 50 км қашықтықта 2 сағат 23 минут 24 секунд нәтижесімен жасөспірімдер арасында үшінші болды. Ал 30 км қашықтықта Лаура Киныбаева қыздар арасында чемпион атанды, Мария Люфт 3 орынға ие болды!

Өз елінің намысын қорғайтын, оқу ордасының имиджін, мәртебесін көтеретін біздің шаңғышы студенттер қысқы маусымды осылай, салтанатты түрде аяқтады. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын шаңғы жарысында көрсеткен тамаша көрсеткіштерімен құттықтай отырып, үлкен жеңістер мен сәттіліктер тілейміз!

Қабылдау комиссиясы