Практикалық психология орталығы жатақханада тұратын 1 курс студенттері үшін алғашқы бейімделу семинарын өткізді. Семинар бағдарламасында танысу, ұйымшылдыққа баулу, команда құру, жүйке-жүйесі, психикалық күйзелісті жою жаттығулары болды. Студенттер алғашқы әсерлерімен бөлісті, жатақханадағы студенттік өмірді жақсарту бойынша өз ұсыныстарын да айтты, бұл олардың студенттік өмірінің одан әрі қызықты, жайлы болуына септігін тигізеді дейді. Студенттер жаңа өмір жағдайына бейімделу кезеңінде бұл семинардың бір-бірін танып-білуіне көмектескенін, келесі семинарларға да қуана қатысатындарын атап өтті. Орталық жетекшісі Роза Жанғалиева практикалық психология орталығы студенттерге кеңес пен көмек қажет болса, қол ұшын беруге әрқашан дайын екендіктерін айтты.