Бүгін бас ғимараттың акт залында университет ректорының педагогикалық институттың, сондай-ақ Экономика және құқық институтының 1 курс студенттерімен дәстүрлі кездесуі өтті. Бұл университет басшысының соңғы екі карантин жылдарындағы студенттермен алғашқы ауқымды кездесуі. Бұған дейін мұндай кездесулер тек онлайн режимде өткізіліп жүрді.
Бүгін бірінші курс студенттері ректормен бетпе-бет кездесіп, танысып, «ашық микрофон» арқылы өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алды. Жиналғандарды көбіне оқу процесі, жатақхана, жеңілдіктер және академиялық ұтқырлық тақырыптары қызықтырды.
Өз кезегінде Сейітбек Қуанышбаев студенттермен университеттің алдағы жоспарларымен бөлісті, шәкіртақы алу тәртібі және ол қандай жағдайда қайтарып алынатыны туралы түсіндірді, сонымен қатар студенттерге интернет-алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертіп, абай болуға кеңес берді.
Кездесуге ректордан бөлек екі институттың және Жастар саясаты департаментінің директорлары қатысып, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Инженерлік-технеикалық және ауылшаруашылық институттарының бірінші курс студенттерінің жиналысы ертең, 16 қыркүйекте сағат 15:00-де бас ғимараттың акт залында өтеді.