8 сәуірде орталық мемлекеттік органдар басшылары мен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, білім, жастар ісі, ішкі саясат, қорғаныс істері жөніндегі басқармалар басшыларының қатысуымен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысы өтті, онда еліміздің аймақтарындағы жастарға әскери-патриоттық тәрбиені одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуге университетіміздің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті, «Жас Сарбаз» Жастар әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Мерей Сахиев қатысты.
«Жас сарбаз» қозғалысы қазақстандықтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің рөлін күшейту үшін құрылды, бұл - азаматтардың, әсіресе студенттер арасында, жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, өз Отанына адалдық сезімін тәрбиелеу үшін маңызды бағыттардың бірі.
Мерей Сахиевтің айтуынша, әскери-патриоттық клубтар қабырғасында тәрбиеленген, әскер қатарына шақырылған немесе әскери оқу орындарында оқыған жастардың әскери ғылым негіздерін игерудегі дағдылары жоғары және жағдайларға оңай бейімделеді.
Сондай-ақ кездесу барысында «Бір ұлт - бір әскер» бағдарламасын іске асыру жоспары талқыланды.