Дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанттары, магистранттары мен студенттері тақырып бойынша баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстелдің сарапшылары ретінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Асима Ишанова, С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты студенті және кинотанушы Александра Поршнева, деректі режиссер Евгений Лумпов шақырылды.
Іс-шараның бірінші бөлімінде спикерлер тақырып бойынша тезистер ұсынды, екіншісінде дөңгелек үстелдің негізгі мәселелері талқыланды. Сарапшылар мен жас ғалымдар әдістемені қатаң сақтау және терминологияны дәл анықтау аудиовизуалды медиа-контентті зерттеу үшін өте маңызды деген қорытындыға келді. Іс-шараның бейнежазбасына сілтеме https://youtu.be/00WAbMatH7U